20:49, 27 Тамыз 2023 | GMT +5
Павлодарда Қазақстан бәйге жарыстарының 6-іріктеу туры өтті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы «Құлагер» ипподромында Қазақстан Республикасы бәйге жарыстарының 6-іріктеу туры өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирге еліміздің әр өңірінен 46-ға жуық тұлпар қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге» және «Аламан бәйге» бойынша бақ сынасты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Павлодарда, Ертіс өңірінде осындай жарыстарды өткізудің негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау, дәстүрлі ат жарыстарының деңгейін арттыру, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жеңімпаздарды құттықтаймын және жаңа жетістіктерге жете берулерін тілеймін», - деді аймақ басшысы Асайын Байханов жеңімпаздарды құттықтау сөзінде.
Атап айтқанда, Алматы қаласының, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарының спортшылары турнирдің жеңімпаздары атанды.





