Павлодарда кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған жиын өтті

ПАВЛОДАР. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ауған соғысы ардагерлерінің саябағында кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 24 жылдығына арналған митинг болып өтті,
None
None

деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен.

Қаза тапқан жауынгер-интернационалистер ескерткішінің алдында Ұлы Отан және ауған соғысының қатысушылары, қаза тапқан сарбаздардың аналары, жастар жиналды.

Шара барысында сөз алған қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов бұл оқиғаға қатысы бар адамдар мен олардың жақындарына үлкен төзімділік пен денсаулық, амандық, болашаққа деген сенім тіледі.

Жиынға қатысушылар № 5 мектептегі жауынгер-интернационалистерге арналған мұражайды көрді.

Осынау естелік датаға орай Естай атындағы Мәдениет сарайында қаланың шығармашылық ұжымдары концерт қойды.

Соңғы жаңалықтар