Павлодарда қоғамдық көліктегі тиімсіз бағыттар жойылып жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Облыс орталығында автобус бағыттары оңтайландырып жатыр. Қалалық автобус желісі ертеңнен бастап жаңаша жұмыс тәсіліне көшеді.

Павлодарда қоғамдық көліктегі тиімсіз бағыттар жойылып жатыр
Фото: pavlodarnews

Жергілікті билік қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру іс-шаралары басталып жатқанын хабарлады. Түзетулер туралы түпкілікті шешім сынақ режимінің қорытындысы бойынша қабылданады.

Павлодарда барлығы 30 автобус маршруты бар. Жергілікті атқарушы органдар сұраныс аз болғандықтан, № 5 және № 6 маршруттарды жоюды ұйғарды. Тағы 11 қалалық маршрутты оңтайландыру жоспарланып отыр.

— Талдау көрсеткендей, бүгінде бірқатар маршруттар табыссыз, ал кейбіреулері бір-бірін қайталайды. Оңтайландыру бюджеттен субсидиялау көлемін азайту және маршруттық желіні нақты жолаушылар ағынына сәйкес келтіру мақсатында жүргізіледі. Жол жүру тарифі өзгермейді. Ал жылжымалы құрамды жаңарту жалғасады, шағын сыныпты автобустардың барлығын орташа сыныпты автобустарға ауыстыру көзделіп отыр, — деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов.

Еске сала кетейік, Түркістанда қоғамдық көлік жүйесі цифрлық технологиялар негізінде жаңғыртылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар