Павлодарда көктайғаққа байланысты мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр

Бүгінде Павлодар көшелерін мұз басты, полиция жүргізушілерден барынша сақ болуын және жол ережесін қатаң сақтауын сұрайды. Коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

қашықтан оқыту
Фото: Pixabay

Барлық бағыт бойынша жолдар ашық, алайда қатты көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Мектепалды даярлық және 1-9 сынып оқушылары уақытша онлайн форматқа ауыстырылды.

ТЖД қала тұрғындарынан жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауын сұрады.

«Қала көшелерінде сағат 5:00–ден бастап 32 арнайы техника: жол тазалаушы 15 техника және топырақ төгетін 17 техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, техника өте алмайтын жерде 15 бригада топырақты қолмен төгіп жүр. Жол жиегін, аялдама кешендерін және жаяу жүргінші жолын жинауға 200-ге жуық адам жұмылдырылған» деп хабарлады әкімдіктен. 

Соңғы жаңалықтар