Павлодарда көпқабатты үйде болған өртте 3 адам, соның ішінде 2 сәби зардап шекті

ТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйде болған өртте 3 адам, соның ішінде 2 сәби зардап шекті.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады. Өрт 18 қараша күні кешқұрым 5 қабатты тұрғын үйдің 4-інші қабатында орналасқан пәтерден шықты.

ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ Павлодар қаласының «Шұғыл-құтқару жасағы» ММ-нің 4 адамы мен 1 техникасы тілсіз жауды жиырма төрт минуттың ішінде ауыздықтады. Өрт салдарынан ысты газға уланған 37 жастағы ер адам мен 2 және 4 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар