Павлодарда көшенің дәл ортасында Ford Focus көлігі жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы көшелердің бірінде 2001 жылғы Ford Focus маркалы жеңіл автокөлік өртке оранды.

Павлодарда көшенің дәл ортасында Ford Focus көлігі жанып кетті

Бұл туралы облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Лесная көшесі, 5 мекенжайында жолдың бойында темір тұлпар қызыл жалынның астында қалды», - дейді мамандар. - Тас жолға жанармай төгіліп, кейін сол жерден от пайда болған. Кезекші бөлімге сағат 13:44 кезінде қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 14:13 минутта өртті сөндірді. Көлік иесі - 1994 жылы туған ер азамат.

Айта кетейік, оқыс жағдайдың нақты орын алу себебі мен шығыны анықталуда. 

Сегодня днем около 14 ч загорелся Ford Focus на ул. Лесная рядом с Атп. Пока приехали пожарные, почти все выгорело. 📩 от подписчика #сгорелфорд

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo) Ноя 27 2017 в 4:55 PST