Павлодарда көзі нашар көретіндерге жан шуағын сыйлаған шара ұйымдастырылды

Осында, кең дастархан басында көзі көрмейтін зағиптар жиналды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мерекені ұйымдастырушылар - нұротандық депутаттар Павлодар музыкалық колледжінің талантты студенті Алексей Лодочниковтың қатысуымен концерт ұйымдастырды, ал кітапханашылар өз оқырмандары үшін жаңа кітаптар көрмесін ашты. Нұротандықтар ұйымдастырған мерекелік кездесуді облыстық зағиптар қоғамының төрағасы Арғынғали Бердиев «жан мен жүрекке шуақ берген мереке» деп бағалап, осы күні кітапханаға келген барлық мүгедектер алған сыйлықтар үшін алғысын білдірді. Облыстық партия ұйымының баспасөз қызметі зағип жандарға арналған мереке «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» жобасы шеңберінде Халықаралық зағиптар күні қарсаңында өткендігін мәлім етті.