08:46, 18 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодарда ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
ПАВЛОДАР. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодарда «Конституцияның 15 жылдығы - ұлттық құқықтық жүйенің негізгі даму бағыттары мен оның дамуының заманауи үдерісі» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болады,

деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.
Оның жұмысына Жоғарғы сот кеңесінің өкілдері, ғалымдар, депутаттар, судьялар, облыстағы мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындардың басшылары қатысады.
Мәжіліске қатысушылар қазақстандық қоғамның даму шараларындағы негізгі заңға енгізілген өзгерістер мен конституциялық құрылыстың алдағы үдерісі туралы мәселелерді талқылайды.