15:27, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарда ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтеді
ПАВЛОДАР. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертең Павлодарда ҚР Парламенті жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оған қатысушылар «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы» дайындалып жатқан заң жобаларын талқылайды, Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, ҚР Ішкі істер вице-министрі Александр Саванковтың, және Мәжіліс депутаты Жақып Асановтың баяндамаларын тыңдайды. Қоғамдық палатаның мүшелері Павлодарда Жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығында, Усол шағынауданының бейнебақылау бекетінде, белгілі тұрағы жоқ әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығында болады.