07:29, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Павлодарда ҚР Президентіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сайлауалды штабтары құрылды
ПАВЛОДАР. 14 ақпан. ҚАзАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық және қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалдарында ҚР Президентіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сайлауалды штабтары құрылды.
Оның құрамына облыстың құрметті тұрғындары мен саясат қайраткерлері, партия және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
«Мен халықты жарқын болашаққа жетелеп келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлынан басқа көшбасшы көріп отырған жоқпын, оның басшылығымен қуатты, бейбіт ел құрылып келе жатыр», - деп атап өтті облыстық штабтың төрағасы, ПМУ ректоры Ерлан Арын.