Павлодарда құбыр жарылып, 6 тұрғын үйде жылу беру уақытша тоқтатылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодардағы Торайғыров көшесінің бойында орамішілік жылу желісінен ақау шықты. Салдарынан 6 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанда жылу беру тоқтатылды. 

Құбыр
Видео, фото: Қарлығаш Қасиетова

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақауды қалпына келтіру жұмыстары басталған. 

«Құбырға жалғанған Торайғыров көшесі, 52, 54, Академик Бектұров көшесі, 7, 9, 11, 15 тұрғын үйлері және 2 әлеуметтік нысан жылу жүйесінен ажыратылды. Ақауды жою жұмыстары шамамен сағат 19.00-ге дейін аяқталады. Оқиға орнына қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясының өкілдері барды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта «Павлодар жылу желілері» ЖШС бригадалары ақауды жою жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнында 15 адам мен 4 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар