Павлодарда құбыр жарылып, су асфальт бетіне шықты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері қазіргі уақытта ақауды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Павлодарда құбыр жарылып, су асфальт бетіне шықты
Фото: видеодан алынған скрин

Павлодар қаласындағы Қамзин мен Толстой көшелерінің қиылысында асфальттың астынан су шығып жатыр, жол жамылғысы көтеріліп кеткен. Бұл жаяу жүргіншілер мен көлік құралдары үшін айтарлықтай қауіп төндірген.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай мәселе бұл аумақта бірінші рет туындап отырған жоқ. Коммуналдық апаттар жиі болып тұрады. Алайда Павлодар қаласы әкімдігі тарапынан әлі күнге дейін кешенді шаралар қабылданбаған.

— Аталған учаскедегі су желілерінде зақымдану анықталды. Қазіргі уақытта «Водоканал» ЖШС ақауды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында бір күнде екі қазандық жарылды.

Соңғы жаңалықтар