Павлодарда құрылыс бақылау басқармасының басшысы ауысты
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Нұрбек Қонротбаев Павлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрбек Зейноллаұлы 1990 жылы туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 2014 жылы «қаржы», 2018 жылы «көлік құрылысы» мамандықтары бойынша аяқтаған. «Құрылыс» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2009 жылы «Ақсу-құрылыс» ЖШС инженері болып бастаған.
2009 жылдан 2015 жылға дейін мемлекеттік емес құрылымдарда еңбек етті.
2015 жылдан бастап Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының ТҮКШ саласында инспектордан бастап бөлім басшысына дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2023 жылдың қаңтар-шілде аралығында - Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2023 жылдың шілдесінен бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып қызмет етті.
Еске сала кетейік, Павлодарда жыл басынан бері 176 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді