08:21, 25 Тамыз 2010 | GMT +5
Павлодарда қысқы жарыстарға дайындықтар жүргізуде
ПАВЛОДАР. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қыста Павлодардың спорттық нысандарында қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі 80-нен астам спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шаралары өтеді, деп хабарлады дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Рахметула Қасқырбаев.

Шайбалы хоккей ойындары үшін қала бойынша 29 хоккей қораптары орнатылып, айдындар құйылады. «Зеленая роща» шаңғы базасының инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Онда қар трассасының бедері өзгеріп, ені алты метрге кеңейді, ұзындығы бес шақырымға ұзарды. Осы жерде өткен қысқа сырғанаған және биыл жазда шаңғы-роллер жарыстарына қатысқан қазақстандық спорт шеберлері павлодарлық шаңғы жолына жоғары баға беріп отыр.