Павлодарда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда террорлық актілердің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Павлодардағы жаттығу, жоспарлы сипатта, - деп хабарлады терроризммен күрес өңірлік жедел штабқа сілтеме жасап Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінде.
«Әңгіме түрлі кедергілермен жауынгерлік жағдайға барынша жақын оқу-жаттығу жайында. Оның мақсаты - Терроризммен күрес жедел штабының күштері мен құралдарының оларға жүктелген міндеттерін орындауға әзірлігін тексеру», - деп атап өтеді хабарламада.
Полиция Павлодар қонақтары мен тұрғындарынан уақытша жайсыздыққа түсіністікпен қарауды, тыныштықты сақтауды және ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұрайды. Сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке соқтыратындығын ескертеді.