08:30, 22 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодарда Майраның 120 жылдығына орай оның әндері шырқалды
ПАВОДАР. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Қарттар үйінде Майраның әндері шырқалды.

Майра Шамсутдинова атындағы Мұражай үйінің қызметкерлері оның әндерін орындап, әншінің шығармашылық танымалдылығы туралы әңгімеледі.
«Биыл шығармашылығы елдің ұлттық ән қорын байыта түскен қайталанбас тұлғаның дүниеге келгеніне 120 жыл толады. Майра өз ән шығарып, оны баянмен сүйемелдеп өзі орындаған, талантты әртіс және жарқын тұлға болатын», - деп атап өтті мұражай директоры Үміт Айтмағанбетова.
Мұражай үйінде актрисаның жеке заттары, оның салған суреттері, ұлттық музыка аспаптары сақталып, ұмытылмас әншіні еске алатын шығармашылық кештер ұйымдастырылып отырады.