Павлодарда мектеп тауарларын төмен бағамен сататын дүкен ашылмақ

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.    
None
None

Биылғы акция «Балаларға көмек - менің таңдауым!» ұраны аясында өтпек. Акцияның мақсаты - оқу жылының басталуына дайындық кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және басқа да қолдау көрсету. Бұл туралы Павлодар облысы білім басқармасы мәлім етті.

Сондай-ақ осы жылы кәсіпкерлерді  тарта отырып, жәрмеңкелер мен мектеп тауарларын төмен бағада саудалайтын көшпелі автодүкен ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2016 жылы ұйымдастырылған дәл осындай акция барысында облыстағы жалпы білім беретін орта мектептердің 16 394 оқушысына 139 миллион 636 мың 400 теңгенің көмегі көрсетілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар