09:01, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодарда «Мектепке жол» акциясына қатысушылар 2250 балаға көмектесті
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімдігінде қала басшысы Бақытжан Жоламановтың қатысуымен өткен жиында «Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды.

Павлодарда акция басталғалы бері әлеуметтік қорғаудағы отбасылардың 2250 баласы 7 миллион теңге соманың көмегін алды. Оқу жылы басталардың алдында облыс орталығында сондай-ақ, 200-ден астам кәсіпкер мен ұйымның қатысуымен мектеп жәрмеңкелері өткізілді.
Сонымен бірге, көмекке мұқтаж балалар оқу жылы бойына қалалық бюджеттен, жалпы білім беру қорынан 89 миллион теңге соманың тамағын, киім-кешегін және кеңсе заттарын алатын болады.
Өз сөзінде қала әкімі Б.Жоламанов, «Мектепке жол» акциясын жалғастырып, әлеуметтік қорғаудағы отбасылардың оқушыларына тұрақты қолдау көрсетіп отыру қажеттігін атап көрсетті.