Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында өнеркәсіптік объектілердің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматы ұсталды.

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды
Фото: Polisia.kz

— Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша қамауда ұстау изоляторында. Оны іздестіруге бастамашы болған елге экстрадициялауды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы үш күнінде полицейлер 262 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның 175-і шетелдіктер, 87-сіі ҚР азаматтары. 13 шетел азаматы шекарадан шығарып жіберілген. Сотқа 5 материал азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберуге жіберілді.

Еске сала кетейік, Алматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратқан шетелдік ұсталды.

Соңғы жаңалықтар