07:40, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Павлодарда метро пайда болды
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Павлодарда қылқаламның сиқырымен метро пайда болды. Жергілікті суретші шаһардағы жалғыз жер асты өткелін метрополитен стансасына айналдырып жіберді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Енді онда әлемге танымал адамдар бар. Мәселен, қабырғаға кино кейіпкерлері Шурик, Равшан мен Бин мырза бейнеленген. Владимир Жириновский, Барак Обама мен Юлия Тимошенко сияқты белгілі саясаттанушыларды да кездестіруге болады. Арнольд Шварценеггер, «Биттлз» тобы, т.б. да тұр. Көршілес дәліздің қабырғасына ғарыш кемесінің ішкі көрінісі салынған.