09:50, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
Павлодарда мүгедектер арасында клоунададан республикалық конкурс өтеді
ПАВЛОДАР. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертең Павлодарда құлақтары естімейтін мүгедектердің арасында клоунададан республикалық конкурс өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Павлодарға Алматы мен Астана қалаларынан және Қазақстанның барлық облыстарынан өнер ұжымдары жиналуда. Көрермендер мүгедектіктеріне қарамастан, өздеріне ұнайтын өнермен айналысып жүрген дарындардың өнерлерін тамашалайды. Сахна құлақтары ауыр еститін немесе мүлдем естімейтін, клоунадамен айналысатын адамдардың танысу, тәжірибе алмасу алаңына айналады. Екі күнге созылатын байқау барысында жеңімпаздар анықталады, ал үздіктер Қазақстанның атынан халықаралық конкурстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.