Павлодарда Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсы өтті

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсы өтті, деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасынан.
None
None

Өнер байқауына 18 бен 30 жастың аралығында жастар қатысты. Олар ақынның жырларын ерекше шабытпен жатқа оқыды. Мұқағалидің лирикалық және романтикалық өлеңдерін халық жақсы біледі, оның поэзиясы қазақ халқының мәдениетін байыта түскен өнер құбылысына айналып отыр.

Көркемсөз оқу шеберлері ақынның адамдардың жүректерін толғандыратын мәңгілік тақырыптарға арналған өлеңдерін жатқа оқыды. Конкурстың бас жүлдесін ақтоғайлық Амантай Жарқынбек жеңіп алды. Екінші орынды Ертіс ауданының өкілі Алпысбай Хонж иеленсе, үшінші орынды Май ауданынан келген Сандуғаш Омарова алды.

Соңғы жаңалықтар