Павлодарда мұнайхимиялық жаңа зауыт салынады
Бұл туралы отынды жақсарту үшін полипропилен мен эфирлерді өндіретін елде жұмыс істеп тұрған алғашқы зауыт - «Компания Мұнайхим LTD» ЖШС-ның директоры Ерлан Құсанов мәлім етті.
«Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, ол туралы барлық деңгейді хабардар еттік. Сараптамадан өтті, оң шешім алынды, қазір ол Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде қаралуда», - деп атап өтті Е.Құсанов.
Елбасы Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру міндеттеріне сәйкес «Кешен жылына үш миллион тонна шикізат өңдейтін болады. Компания мұнайды құбырмен жеткізу жөнінде «ТНК-ВР Холдинг»-тің (Мәскеу) мақұлдауын алды, қазір келісімді пысықтап жатырмыз», - деді ол.
Жобаның бірінші кезеңінің құны - екі млрд. доллар. Компания құрылысты 2015-2016 жылдары аяқтауды жоспарлап отыр.