21:03, 28 Наурыз 2018 | GMT +5
Павлодарда мұзға шығып кеткен 9 бала құтқарылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жедел құтқару тобының қызметкерлері каникул мезгілінде мұздан 9 оқушыны құтқарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Павлодардағы №4 бөлімшенің құтқарушылары мұзда жүрген 2 баланы жағалауға жеткізіп ескерту жасаған соң оларды ата-аналарына тапсырды. Ал «Лермонтов жағажайы» ауданындағы мұз кесектерінің үстінен 7 бала құтқарылды»,-деп хабарлайды жергілікті ТЖД.
Құтқарушылардың айтуынша, көктемгі каникул кезінде ересектердің қарауынсыз ерігіп жүрген балалар қайғылы оқиғаларға ұрынуы мүмкін.
«Ата-аналар балаларының су жағалауына баруынан сақтануы керек, бұл - өте қауіпті»,-дейді ТЖД мамандары.
Иллюстрациялық фото