Павлодарда мыңнан астам бала бір мезетте Астана күніне орай флешмоб биледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда мыңнан астам балабақша тәрбиеленушілері бір уақытта елорда күніне орай «Туған күніңмен, Астана!» атты флешмоб биледі.
Ауқымды шара Естай атындағы мәдениет сарайының алдында басталды деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Мұнда 200-дей бүлдіршін би биледі. - Флешмоб әр балабақшаның спорт алаңдарында да өтіп жатыр, - деді қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі секторының бас маманы Нұрсұлтан Шәкіров. - Мәдениет сарайының алдында № 4, 17, 18, 38, 40, 51 балабақша тәрбиеленушілері би билеп, аспанға шарларын ұшырды. Мұндай шара бізде бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Денсаулық күніне орай Павлодарда «Спорт - Мен - Көктем» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған флешмобта бір мезетте балабақшаның 1500 тәриеленушісі мен олардың ата-аналары би билеген болатын. Алдағы уақытта да ол жалғасын табады.
Шараның басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына азаматтық патриотизмді қалыптастырып, еліміздің жеткен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімдерін дамыту.