Павлодарда нөсер жауыннан кейін 5 мың үй жарықсыз отыр, бағдаршамдар істемейді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Толассыз жауған жаңбыр мен қатты желден Павлодарда 5 бағдаршам жұмыс істемей тұр. Коммуналдық қызметтер құлаған ағаштарды жинап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Гульмира Байзакова

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі таңда Павлодар қаласында 5 бағдаршам жұмыс істемейді. Апатты жоюмен 2 бригада айналысып жатыр», - деп хабарлады журналистерге Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Құлаған ағаштарды жинау жұмысын 3 бригада мен 3 мамандандырылған техника жүргізіп жатыр.

Қалада жаңбыр суын соруға 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

«Сонымен қатар, қазіргі уақытта 5 237 тұтынушы электр қуатынсыз қалды: жеке тұлғалар - 4 986, заңды тұлғалар - 251», - деп хабарлады Павлодар әкімдігі.

Солтүстік (Назарбаев ауданы – Лермонтов – Бұқар жырау – Торайғыров көшелері), Оңтүстік (Ворушин – Циолковский көшелері ауданы), Орталық (Катаев ауданы – Шөкин – Назарбаев – Толстой көшелері, Толстой көшесі бойы – Кіші айналма жолы), Батыс (Радиозауыт ауылының ауданы) стансаларда жарық өшірілген.

Қала мен қала маңындағы залалды жоюға 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Жылу және су желілерінде ақау болған жоқ.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Павлодар-Водоканал» ЖШС қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар