Павлодарда нұротандықтардың Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы басталды

«Біз жас ұрпақтың бүгінгі бейбіт заман мен бостандықтың қандай бағамен келгенін түсініп, соғыс ардагерлеріне, тыл еңбекшілеріне алғыстарын білдірсе екен дейміз. Шараға «Нұр Отанның» Павлодар облысындағы барлық 13 филиалы атсалысады», деп хабарлады облыстық филиал төрағасының орынбасары Айгүл Нұркина.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жастармен жоспарланған кездесулердің біріншісі өтті. Бұқар жырау атындағы әдеби мұражайда жайылған дастархан басында ардагерлер соғыс туралы естеліктерімен бөлісті, соғыстан кейінгі елдің жағдайы, елімізді қалпына келтіруге, оның ішінде облыс орталығын дамытуға қосылған еңбектері туралы әңгімелеп берді.
Нұротандық жастар сондай-ақ ардагерлердің үйлеріне «еңбек десанттарын» ұйымдастырады және көмекке мұқтаж жалғызбасты қарияларға қол ұшын береді. Сонымен бірге соғыс және тыл ардагерлеріне арналған көрмелер және майдан әндерінің конкурстарын өткізуді жоспарлауда.