Павлодарда оқушыларды қаққан трамвай жүргізушісінің соты басталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардың №2 сотында 7 қыркүйек күні апалы-сіңлі мектеп оқушыларын қағып кеткен 30 жастағы Наталья Пекничтің ісіне қатысты сот талқылауы өтіп жатыр. Ол ҚР ҚК-інің 345-бабы 3-бөлігі бойынша айыпталуда.
Жәбірленуші тарап бұған дейін материалдық шығын өтелуін талап етпегенін мәлім етті, ал қазір 18 қарашадағы шағымында балалардың анасы Шынар Уалитова талап арызбен енді ғана танысып жатқанын жазған. Моральдық шығын «өндіргісі келетінін» ауызша айтты, деді оның өкілі.
Сот процесін Думан Серікбаев жүргізуде. Шынар Уалитованың өзі сот отырысына келмеген. Сот процесі қысқартылған тәртіпте өтті. Келесі сот отырысында жәбірленуші тараптың ұстанымдарын анықтау керек.
Көзінің жасын тыя алмаған Наталья Пекнич әзер түсінік берді.
Н.Пекнич сағатына шамамен 20-23 километр жылдамдықпен жүрген. «Барлық ескі вагондардың спидометрі істемейді. Жылдамдық өлшеуіштің істемейтінін мен ешкімге хабарлаған жоқпын», - деді ол. Жүргізуші трамвай депосында ескі трамвайдардың істен шыққанын бәрі білетінін, алайда ол бұл жайлы басшылығына ешқашан хабарламағанын жеткізді. Сондай-ақ, оның қорғаушысы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізушіге жауын мен жолдар арасындағы бөлгіш қоршаулар кедергі келтіргенін мәлім етті.
Келесі сот отырысы 30 қарашаға белгіленді.
Айта кетейік, 2017 жылдың қыркүйек айында 2007 және 2009 жылғы апалы-сіңлі екі қызды трамвай қағып кеткен болатын. Үлкені көз жұмып, кішісі ауруханаға жеткізілген. Трамвай жүргізушісі 1987 жылғы. Еңбек өтілі - 5 жыл.