Павлодарда өнеркәсіптік аймақтағы ірі өртті сөндіру барысында бір адамның мүрдесі табылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Павлодардың өнеркәсіптік кәсіпорнында болған ірі өрт салдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.
None
None

Нысанның өртеніп жатқандығы туралы хабар бүгін, 4 қаңтарда 18 сағат 45 минутта түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен газдан құтқару қызметі шұғыл жетті.

"18 сағат 45 минутта өрт сөндірушілер бөлімінің 9 автотехникасы (8 автоцистерна, 1 байланыс және жарық беруші автомобиль), жеке құрамның 30 адамы жіберілген. Өрт орнына келген сәтте цехтың 300 шаршы метрі лаулап жанып жатқан.

Тілісіз жауды ауыздықтауға 1 жылжымалы лафетті оқпан, қолмен басқарылатын оқпандар жұмылдырылды және 4 учаске, жедел штаб құрылды»,-деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның атап өтуінше, 600 метр қашықтықтан гидранттар арқылы су тоқтаусыз берілуде. Өйткені аса қызу температураның салдарынан өрт сөндіретін машиналарды 25-30 метдей жердегі гидранттарға қосу мүмкін болмаған.

«Мұндай аса күшті жанудың салдарынан оттың пенопропилен өнімдерін шығаратын цехқа көшу қаупі туындады. Сондықтан 20 сағат 07 минутта көбікті оқпандарды пайдалануға шешім қабылданды.

Бұл әрекет жалын шарпыған аумақтың кеңейіп, көрші нысандарға таралуына мүмкіндік бермеді. 20.35-те өрттің беті қайтты", деп атап өтті Руслан Иманқұлов.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 11 өрт сөндіру автотехникасы және жеке құрамның 53 адамы жұмылдырылған.

Цехтың ішінен бір адамның мүрдесі табылды. Әзірге оның тұлғасы анықталған жоқ. Нысан персоналының 3 қызметкері түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жатқызылды. ТЖ комитеті ресми өкілінің ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар