Павлодарда өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодарда өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті. Ол орташа дәрежеде улы газдан улану диагнозымен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарда өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұстаздың жағдайы тұрақты деп бағаланады.

«1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі бірінші қалалық аурухананың терапевтік бөліміне жатқызылды, - деді басқармадан.


Еске салсақ, Павлодардағы өрт №28 мектеп шатырының шамамен 200 шаршы
метрін шарпыды.