Павлодарда өрт сөндірушілер алты адамды өрттен аман алып қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қалада бір бөлмелі пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда өрт сөндірушілер алты адамды өрттен аман алып қалды

«19 наурызда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Гагарин, 63/1 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген өрт сөндіру бөлімшелері екінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде, дәлізде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқанын анықтады», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің жалпы аумағы 8 шаршы метрді құрады. №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері аға лейтенант Кәрімжанов Ерғали, сержант Қабылбек Дамир, кіші сержант Әубәкіров Әсет, кіші сержант Олег Лопатенко 1985 жылы туған пәтер иесін аман алып қалды. Олар оны пәтердің кіреберісінде тапты.

Ведомство -рт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Валерий Архипов, Қанат Ибраев, Тілеубай Смайылов, Александр Колесников, Самат Хамит балкон баспалдақпен альпинистік құралдардың көмегімен екінші қабаттан шықты. Екінші қабаттан 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері сержант Сұңғат Рахметов, сержант Алексей Майсюк және сержант Рүстем Макаров әйелді аман алып қалды. Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 11 адам, оның ішінде 2 бала баспалдақ бойымен өз бетінше эвакуацияланды.

Өрт 00-27-де сөндірілді. Оттың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 8 техника, Апаттар медицинасы орталығы, «103», «102»қызметтері жұмыс істеді.