Павлодарда өткен халықаралық конференцияда қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы әйелдердің рөлі талқыланды

Оның жұмысына облыс басшысы Ерлан Арын қатысты.
Үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, ғалымдар, депутаттар мен шенеуніктер әйелдердің теңдігін, олардың саясатқа, бизнес пен қоғамдық өмірге араласуын, жеткен жетістіктерін талқылады. Сондай-ақ конференцияның сессияларында әйелдердің әлеуметтік жаңғыртуға қосар үлесі талқыланды.
Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры Нелли Пфейфердің, «Атамекен» Одағы» ҰЭП филиалының төрағасы Райхан Сатабаеваның, ИнЕУ вице-президенті, «Павлодар облысы іскер әйелдері қауымдастығының» төрағасы Лариса Фрезоргердің және «Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының» президенті Раушан Сәрсембаеваның қосқан үлестері аталып өтті. Өңір әкімі Е. Арын оларға «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерін табыс етті.
Бүгін конференция Баянауылдың ұлттық табиғи паркінде жалғасады.