Павлодарда өткен семинарда кәсіпкерлерге ШОБ қолдау мемлекеттік бағдарламасы туралы баяндалды

ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар өтті,
None
None

деп хабарлады «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік қоры.

Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі жайында ақпараттар жан-жақты әрі түсінікті берілді. Бизнес жобаларға займдарды рәсімдеуді неден бастау керек, істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту мен жаңарту сынды мәселелер де сөз болды.

Бизнесмендермен кездескен «Казкоммерцбанкі»АҚ-ның Павлодардағы филиалының менджерлері олардың арзан несиені рәсімдеуге қатысты барлық сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы Павлодар облысында сәтті орындалуда, оған қатысушылардың саны да өсіп келеді. Несие бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидия түрінде мемлекеттен қолдау ретінде алған кәсіпкерлер қазірдің өзінде оның мүмкіндігін бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар