Павлодарда өз үйінің ауласында әйелді қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда өз үйінің ауласында әйелді қағып өлтірген жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы 10 қазанда жүргізуші У. Павлодардағы үйінің ауласында артқа қарай жүргенде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алынған жарақаттар салдарынан жедел жәрдем көлігінде ажал құшты. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты.

Сот үкімімен  У. ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі және 347 бабында қарастырылған қылмыстар бойынша айыпты деп танылды.  Ол екі жыл алты айға бас бостандығынан және 4 жылға көлікті басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Соңғы жаңалықтар