Павлодарда пара алғаны үшін әкімдік қызметкеріне 4,2 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының №2 сотына ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі, 369-бабы 2-бөлімі бойынша пара алды, жалған құжат жасады деп айыпталған Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015 жылдың қазан айында Заңғар ауылының тұрғыны азамат А. белгіленген заңды құжаттарсыз өзінің тракторын есепке қою үшін бас маманға жүгінген. Сол уақытта бас маманға өзінің тракторын есептен шығару мәселесі бойынша Заря ауылының тұрғыны азамат Ж. барады.

Осылайша, бас маман ойына азамат Ж. тракторының зауыттық нөмірін азамат А. ойына тракторына ауыстыру түрінде жасанды сатып алу-сату шартын құрастыру қылмыстық жоспары келеді. Аталған заңсыз әрекеті үшін бас маман өз көлігіне автокөлік дискілерін және 50 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат сұраған.

Алайда, шенеунік азамат А-ға зауыттық номері бар басқа металдық тақташаны бермеген. Сөйтіп ол тракторын пайдалана алмапты. Онда бас маман азамат А-ға 50 000 теңге ақшалай қаражатының орнына оған 30 000 теңге мөлшерінде пара беруді сұрайды.

Азамат А.-дан ақша мен автокөлік дискілерін алғаннан кейін маманды Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұстады.

Соттың үкімі бойынша мемлекеттік мекеменің маманы кінәлі деп танылып, оған параның алпыс еселенген сомасы, яғни 4 236 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол өмір бойына кез келген мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Соңғы жаңалықтар