Павлодарда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушісіне 700 мың теңге айыппұл салынған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда РФ-тен есептен шығарылған көлік жүргізушісі ереже бұзғаны үшін 32 рет камераға түсіп, 713 мың 965 теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушісіне 700 мың теңге айыппұл салынған

«ВАЗ 21014» маркалы көлік жүргізушісі 32 рет ереже бұзғаны үшін камераға түскен. Ол Ресей Федерациясында тіркеу есебінен шығарылса да Қазақстанда осы көлікті жүргізіп келген. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге 713 мың 965 теңге айыппұл салынды», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жүргізуші айыппұлдарын әлі төлемеген. Павлодар облысында жол жүру ережесін бұзғандардың 20 % - Ресейде тіркеуден шығарылған көлік иелері. Соңғы 10 айда жол қауіпсіздігі саласында 109 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 1 млд теңге айыппұл салынған.

«Аталған бұзушылықтардың 11 252-ін Ресей Федерациясында есептен шығарылған, бірақ Қазақстан Республикасында қолданылатын автокөлік жүргізушілері жасаған. Айыппұл сомасы 124 миллион теңгеден асты. Бұл көлік иелері РФ-тен есептен шығарылса да Қазақстанға есепке қоюға асығар емес. Осындай көлік жүргізушілерінің кейбірі құқықтық жауапқа тартылмайтынын біліп, әдейі бірнеше рет ереже бұзады», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.


Авторы: Антон Гагарин