Павлодарда респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар көбейе түскен

Павлодарда респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар көбейе түскен
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңірлік жедел жәрдем стансасы тұрғындар тарапынан жедел респираторлық вирустық инфекциялармен байланысты қоңыраулар жиілеп кеткенін хабарлады. Мәселен, 21-23 маусым күндері ЖРВИ диагнозы бойынша 313 шақырту түскен.

Өткен демалыс күндері 103 желісіне соғылатын қоңыраулар саны 25% - ға дейін өскен.

«Жедел респираторлық вирустық инфекциялармен байланысты қоңыраулар өте көп болды. Күн сайын ЖРВИ диагнозымен қоңыраулардың өсуі тіркеліп отыр. Мысал үшін 21 маусымда 90, 22 маусымда 99, ал 23 маусымда 124 шақырту тіркелді. Сұраныстың артуына қарамастан, біздің медициналық бригадалар барлық қоңырауды нормативтік мерзімде пысықтап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Қажет болған жағдайда науқастарды ауруханаға жатқызды», - дейді өңірлік жедел жәрдем стансасы басшысының орынбасары Ирина Мищенко.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте папиломма вирусына қарсы екпе егу басталады. 

Соңғы жаңалықтар