09:34, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Павлодарда «Салауатты тамақтану-2011» атты байқау аяқталды
ПАВЛОДАР. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласында ең үздік мектеп тамағын бағалайтын екінші қалалық байқау өз мәресіне жетті.

Оның үш кезеңіне 15 мектеп ұжымы асханаларды жалға алушылармен бірлесе отырып қатысты. Оқу орындарының үгіт бригадалары «Біз тиімді мектеп тамағы үшін» тақырыбында сөз сөйледі.
«Үздік тағам бөлімі» жүлдесіне № 34 мектеп, «Мектеп тағамын үздік ұйымдастырушы» болып № 40, ал «Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша үздік жүйе» жүлдесіне № 25 мектеп лайық деп танылды.
Балалар үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыру - білім беру мекемелері қызметінің маңызды бағыты болып табылады, өйткені бұл жерде оқушылар денсаулығының жағдайы және оларды оқытудың пәрменділігі сияқты мәселелер бар, деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары - Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен білім бөлімі.