10:42, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодарда «Сәлем, бизнес!» атты жастар идеялары мен жобаларының жәрмеңкесі өтті
ПАВЛОДАР. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарда «Сәлем, бизнес!» атты жастар идеялары мен жобаларының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады ПМПИ-ның баспасөз қызметі.

Балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың 250-ден астам тәрбиеленушісі - ауыл мектептерінің оқушылары мен студенттері жәрмеңкеде жергілікті нарық қызметтері мен тауарларды шығаруға бағытталған өздерінің идеялары мен жобаларын таныстырды.
Жәрмеңкені «Бота» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен павлодарлық «Әріптестік орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.