Павлодарда санитарлық ережелерді бұзған үш дәріханаға 88,9 мың теңге айыппұл салынды

None
None
ПАВЛОДАР. 26 маусым. ҚазАқпарат - Павлодардағы үш дәріхананың жетекшісіне жалпы көлемі 88,9 мың теңгені құрайтын айыппұл салынды, деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Қадағалау органы және санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің қызметкерлері дәріханалардан жарылған сырлы кірпішті, сынған терезені анықтады.

 Дәріханашыларда индикатор тесттер болмады, өндірістік бөлмелерде қалқаланбаған бактерицидті шамдар анықталды.

 Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура үш дәріхананың жетекшісін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді.

Соңғы жаңалықтар
telegram