Павлодарда сатып алу тәртібін сақтамаған монополист айыппұл төледі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Табиғи монополия субъектілерінің ережесін бұзған «Павлодарэнерго» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3,1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Маңғыстауда Түпқараған және Қарақия аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына айыппұл салынды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодарэнерго» АҚ-ның сатып алу тәртібін сақтау мәселелері бойынша кезектен тыс тексеру өткізген. Тексеруге «QazkovEnergy» ЖШС-ның өтініші себеп болған.

- Тексеру «Павлодарэнерго» компаниясы 2025 жылы жүргізген сатып алулардың заңдылығына қатысты болды. Нәтижесінде ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағының 18-тармақшасында, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру ережелерінің 135 және 152-тармақтарында көзделген талаптардың бұзылуы анықталды. Сатып алуды жүргізу тәртібін сақтамаушылық байқалды, - деп хабарлады департаменттен. 

Субъектіге қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Тергеу нәтижесінде кәсіпорынға жеңілдетілген тәртіпте 3 145 600 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, департамент тарапынан сатып алу нәтижелерін жою және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қайта сатып алу процедурасын жүргізу қажеттілігі туралы талап берілді.

Еске сала кетейік, павлодарлық монополист тарифті негізсіз көтергені үшін 6,5 млн теңге айыппұл төледі.

Соңғы жаңалықтар