Павлодарда сауықтыру лагерлері ашылуда

ПАВЛОДАР. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Ертіс жағалауындағы Павлодарда сауықтыру лагерлері ашылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Таңертеңгілік балалар дағдылары бойынша өздерінің мектептеріне қарай жүгіреді, онда олар шығармашылықпен, спортпен шұғылданады және таза ауада демалады.«Мозаика» деп аталатын профильді лагерде балалар топтардың әрқайсысына атау беріп, бірнеше жасақтарға бөлінді. Алғашқы күнді олар топтарды таныстыруға арналған даярлық жұмыстарына арнады. Жас өнерпаздар шағын спектакльдер қойды, «ұландар» ? өздерінің жауынгерлік өнерлерін көрсетті, спортшылар ? гимнастикалық жаттығуларын қаншалықты меңгергендерін танытып бақты.№ 11 мектептің «Радужный» лагерінде балалар қызығушылықтарына қарай сүйген істермен айналысуда, кинотеатрда болып фильмнің тұсаукесерін тамашалады.№ 26 мектептің 1-7-ші сыныптарының 130 оқушысы «Меруерт» лагерінде жазғы демалыстарын барынша әсерлі өткізбекші.Павлодардың барлық мектептерінің жанынан лагерлер ашылады, ол орындарда мыңдаған балалар жазғы маусымда демалыстарын көңілді өткізетін болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум