Павлодарда Шәкен Айманов кинофильмдерінің апталығы өтуде

ПАВЛОДАР. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат / Вера Ливинцова/ - Қазақ киносының майталманы Шәкен Аймановтың 95 жылдығына орай Павлодарда кинорежиссердің фильмдерінің апталығы өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ш.Айманов атындағы кинотеатрда тегін сеанстарда шебердің «Тақиялы періште», «Туған жер», «Алдар Көсе», «Атаманның ақыры» сияқты танымал фильмдері көрсетілуде. Ал Бұхар жырау атындағы облыстық мұражайда Шәкен Аймановты еске алу кеші өтеді. Мұражайда режиссердің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме жұмыс істеуде.Әлемдік киноклассиканың қорына кірген фильмдердің режиссерін жерлестері ұмытпақ емес. Павлодарда - Ш.Аймановтың атында көше мен кинотеатр, Баянауылда ? мектеп бар.
Соңғы жаңалықтар