08:28, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарда Шәкен Аймановтың 95 жылдығына арналған көрме ашылды
ПАВЛОДАР. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Бұхар жырау атындағы облыстық мұражайда қазақтың атақты кинорежиссері және актері Шәкен Аймановтың 95 жылдығына арналған көрме ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Фотосуреттер, құжаттар және басқа да жәдігерлер павлодарлықтардың атақты жерлесінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді. Шәкен Айманов Баянауыл ауданындағы Айман Бұлақ шатқалында Торайғыр көлінің жағасындағы кішкентай үйде дүниеге келген. Қасиетті Баянауыл топырағы елімізге ғалымдар мен ақындардың, әдебиетшілердің үлкен шоқжұлдызын сыйлаған жер. Солардың қатарында дарынды актер, кинорежиссер, қоғам қайраткері Шәкен Айманов бар. Мұражайға актердің бала кезіндегі және отбасындағы суреттерімен қатар, спектакль және кинофильмдердегі кейіпкерлерінің образдарында түскен фотосуреттері де қойылған. Мұнда келушілер Шәкен аға Алдар көсенің рөліне түскен түлкі тымақты та көре алады.Шәкен Аймановтың туған күні ? ақпанның 16-сында мұражайға оның шығармашылығының жанкүйерлері жиналады. Келушілердің назарына қазақ киносының алтын қорына кірген «Тақиялы періште» фильмі ұсынылады.