Павлодарда шенеунік оралмандарды жалған құжатпен алдаған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласы әкімдігінің маманы 31 жер учаскесінің құжаттарын заңсыз беру арқылы мемлекетке 284 миллион теңге шығын келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Екібастұз қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Ғабдолла Шорманов алты жыл бойы тарихи Отаны - Қазақстанға оралғандарға заңсыз  жер құжаттарын ұсынумен айналысып келген. Бұл туралы бүгін өткен брифингте  Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің тергеу басқармасының басшысы Руслан Қуатов мәлім етті.

«Ол өзінің үй компьютерінде әкімдіктің лауазымды тұлғаларының қолтаңбаларының көшірмесін жасап, оларды белгілі құжаттарға қойған», - деді Руслан Қуатов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосы өкілінің айтуынша, Ғабдолла Шорманов бұл қызметтері үшін әр оралманнан 200 мың теңге алып отырған.

Шормановтың мемлекетке келтірген шығынының жалпы сомасы 284 миллион теңгені құрады. Сот оған екі жыл жеті ай бас бостандығынан айыру жазасын шығарды. 

Соңғы жаңалықтар