Павлодарда шетелдік әуежайлар пайдаланатын керосин өндіріледі
«Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғыртудағы тағы бір ірі жоба Еуро-5 стандартына сай өнім шығару болмақ. Мұнан бөлек, жаңғырту әлемдің көптеген әуежайларында ұшақтар құятын Jet-A халықаралық стандартындағы авиакероисин өндірісін қайта жолға қоюға мүмкіндік береді. 2018 жылы 170 мың тонна керосин өндіру жоспарланып отыр. Дегенмен бізді 300-ден 350 мың тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік болады», - деді облыс басшысы.
Оның айтуынша, Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмыстары жоспарланған мерзімде аяқталатын болады.
«Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталуы 1 қарашаға жоспарланған. Премьер-Министр сондай тапсырма да берді. Жаңғырту жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтай алмай қаламыз-ау деген қандай да бір қаупіміз жоқ. Бұған қоса, өздеріңіз де білетіндей, зауыт жыл сайын ағымдық жоспарлы жөндеу жұмыстарына 1 айға тоқтатылады. 26 қазанда зауытта жөндеу жұмыстарын қоса алғандағы жаңғыртудан кейінгі суық ауа айдау жүргізіледі. 1 қарашада зауытты іске қосамыз. 2018 жылы зауыт жыл сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтатылмайды», - деді Болат Бақауов.