Павлодарда смартфон арқылы басқарылатын жарықдиодты шамдар орнату ұсынылды

Рабин Амраевтың айтуынша, мұндай жаңашылдық Талдықорған, Ақтөбе жəне Атырау қалаларында енгізілген. Бүгінгі күні көптеген қалаларда жарықтандыру мəселелері өткір тұр. Қазақстанда 40 пайыз жарықпен қамтылмаған қалалар бар. Жергілікті атқарушы органдар осы мəселені шешуде жұмыс істеп келеді.
«Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі тендер арқылы жүргізіледі. Десе де, қызметтің құны сапасына сай болуы мүмкін. Мысалы, бір шамды ауыстыру керек болса, көшедегі барлық шамдар қосылатыны белгілі. Бұл энергия көзін шамадан тыс жұмсауға әкеледі. Ал біз ұсынған шамдар барлық шамның қосылуын талап етпейді. Сонымен қатар, шамдарды қосып, өшіру, жарық беру көлемін ұлғайту немесе азайту, істен шыққалы тұрған шамдарды алдын ала тексеру смартфон арқылы жүзеге асырылмақ. Толықтай осы жүйеге көшу Павлодар қаласында бір жыл уақытты алады, - деді ол.