Павлодарда студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жастар жасағының Слеті өтеді

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 29-ші маусымында «Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық акцияның аясында студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жастар жасағының Слеті өтеді.

Аталмыш акцияның мақсаты - жоғары оқу орындары мен басқа да білім ошақтарының студенттерін, ауылдың және облыстың жұмыссыз жүрген жастарын жазғы уақыттағы жұмысқа тарту және Президенттің «Жасыл Ел» бағдарламасын орындау болып табылады. 

Бұл іс-шараға облыстың басшылары мен ҮЕҰ жастар көшбасшылары, «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасағының еріктілері қатысады деп жоспарлануда. 

Республикалық мемлекеттік «Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыруға 850 адам қатысады.

Құрылыс жасақтардың еріктілері Мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына өз үлестерін қосты.   

Жазғы еңбек семестрінде «Ертіс жұлдыздары» насихаттау жасағы қалалар мен аудан орталықтарына, шет аймақтағы ауылдарға барып, концерт қояды. Қаланы абаттандыру мен көркейту жұмыстарына медициналық, педагогикалық, механикаландырылған және басқа жасақтар да өз үлестерін қосады. «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасағының еріктілеріне төленетін жалақы орташа алғанда 35 000 - 40 000 мың теңгені құрайды, деді облыстық студенттік құрылыс және жастар жасақтары штабының командирі Сапар Шалабаев. 

«Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасағының партиоттық қозғалысы мемлекеттік маңызы бар қоғамдық құбылыс ретінде бағалануда. 2005-2011 жылдары облыста студенттік құрылыстардың еңбек және қоғамдық-саяси мектебінен 25 мыңнан астам қыздар мен бозбалалар өтті. 

«Болашақ бүгіннен басталады!» - дейді шараны ұйымдастырушылар және де акцияға қатысуға шақырады. 

Іс-шара 29 маусымда сағат 10.00-де Павлодар қаласында, Естай атындағы Жастар сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram