Павлодарда тағы бір бала терезеден құлап кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Жыл басынан облыста осымен жетінші бала үй терезесінен құлап кеткен.  Олардың екеуі көз жұмды. 

бала терезе
Фото: Рolisia.kz

Павлодарда ашық тұрған терезеден бір жасар бала құлап кеткен. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенованың мәліметінше, зардап шеккен жеткіншек қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

– Сәбидің жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлері орташа ауырлықта деп бағалады. Негізгі шағым – жарақаттар мен көгерулерге байланысты ауырсыну синдромы. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деп мәлімдеді ол. 

Сәуле Шәкенова бұған қоса өңірде балаларыдң терезеден құлау оқиғалары жиілеп тұрғанын атап өтті. Айтуынша, биылғы 13 сәуірден бері Павлодар облысында 7 сәби терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың екеуі көз жұмған.


Еске сала кетейік, Павлодарда бес жасар бала ашық тұрған терезеден құлап кетті

Соңғы жаңалықтар