Павлодарда тапа-тал түсте зергерлік салонды тонап кетті

ПАВЛОДАР. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда тапа-тал түсте зергерлік салонды тонап кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Жедел топтың анықтауынша, түс кезінде «Алтын-Широн» салонына бетпердесіз 20-25 жастағы екі белгісіз адам баса көктеп кіреді. Ұрылардың біреуі «Оса» қаруымен 50 жастағы күзетшіні атады. Шыны көрмені сындырып, алтын крестер тұрған екі жайманы алып кетеді. Полициядағылар салонда «Күзет» бөлімшесін шақыратын дабыл қоңырауының басылмағанын айтып отыр. Салон қожайындарының сөздеріне қарағанда, келген шығын 400 мың теңге шамасында. Күзетші «бет жарақатымен» ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар тұлғаларды жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
Соңғы жаңалықтар